• Blog news

«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында өткізілген сабақ

«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында өткізілген сабақ2016 жылдың 06 желтоқсан күні сағат 10.00-15.00 аралығында «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында ГМУ-41к, ГМУ-42 топтары арасында «Муниципалды менеджмент» пәні бойынша «Унитарлы және федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару» тақырыбы аясында дәріс және семинар сабақтары өткізілді. Дәріс және семинар сабақтарын э.ғ.к., доценті Жанбекова З.Х. Ертай Х. және Садыкова Аида Сайынована ұйымдастырды. Іс-шара мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілді.
Қарастырылған негізгі сұрақ «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ Қазақстан Республикасының муниципалды басқару субъектісі ретінде» атты тақырып бойынша талқыланды. Орталықтың басшы орынбасары Аида Сайынқызы жергілікті басқарудағы өзекті мәселелер мен перспективалары жөнінде сұрақтарды студенттермен қарастырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, іс-шара қорытындыланды.

«Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» тақырыбындағы кездесу

«Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» тақырыбындағы кездесу2016 жылдың 05 желтоқсан күні сағат 14.00-16.00 аралығында экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының аясында «Еңбек-мемлекеттің дамуы үшін» атты еңбек ардагерлерінің студенттермен кездесу шарасын ұйымдастырды. Аталмыш кездесуге Қарағанды қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, кафедраның ардагер оқытушылары және студенттер қауымы қатысты. Шақыртылған қонақтар: Колина М.К., Абдреимов И.Ш., Бакеев К.
Кездесу қорытындысы бойынша еңбек арагерлеріне алғыс айтылып, шағын сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етіледі, сондай-ақ студенттер арасында «Менің Қазақстанның гүлденуіне қосқан үлесім» тақырыбына өткізілген эссе байқауының қорытындысы жарияланып, үздіктер марапатталды.
1 орын – Югокпаева Дайана УА-22, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының аға оқытушы Такирова Г.А.
2 орын – Милова Анастасия УА-14с, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының магистр, оқытушысы Коккозова А.Б.
3 орын – Омаров Айбар ГМУ-11к, ғылыми жетекшісі: ЭТ және МЖБ кафедрасының магистр, оқытушысы Ертай Х.

«Жібек жолы» қолөнер шеберлерінің көрмесі

 «Жібек жолы» қолөнер шеберлерінің көрмесіТуризм және мейрамхана ісі кафедрасы 30-шы қарашада «Көшпенді өркениеті мұрасы» Халықаралық Қоғамдық қорымен бірге ҚР-ң Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдау мақсатында қолданбалы қолөнер шеберлерінің көрмесін өткізді.
Іс-шара барысында қолданбалы қолөнер шеберлері мастер-класстар өткізді. Келген қонақтар және де Малайзиядан келген студенттерде Жібек Жолы ғасырына тап болып, ұлттық құндылықтармен танысып, ұлттық асханадан дәм татты. Көрме нәтижесінде, қолөнер шеберлері өз туындыларын сата алады.

Экономиканы регионалдық өлшеуі:аумақтар үшің экономикалық өсуінің əдістері

Экономиканы регионалдық өлшеуі:аумақтар үшің экономикалық өсуінің əдістеріЖелтоқсанның 6-сы "Парасат" Жас ғалымдар мен тілшілер ұйымымен Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіңің 25 жылдығына байланысты "Экономиканы регионалдық өлшеуі:аумақтар үшің экономикалық өсуінің əдістері" тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Баяндамашылар барлық тындарманға қазақстанның аумақтардың экономикалық дамуының жағдайы ,барлық көрсеткіштер аумақтардың арасында саралау байқалатынынды туралы жеңіл жəне түсінікті нысанда айтты. Бұл үйлемсіздікті төмендету үшің студенттер кластерді дамып,мүмкін болғанша көбірек кəсіпорындарды келтіру,аумақтық бюджетің көбейту жəне ұзақ мерзімді аумақтық мемлекеттік саясатын шығару ұсынды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар мадақтамалармен жəне де алғыс хаттармен марапатталды.

«ЖИТС және АИТ-қа қарсы жастар арасындағы профилактикалық шаралар» тақырыбына арналған ашық сабақ

«ЖИТС және АИТ-қа қарсы жастар арасындағы профилактикалық шаралар» тақырыбына арналған ашық сабақ2016 жылы 2 желтоқаснада «Банк ісі» оқытушыларымен және қаржы топтарымен бірлесе «ЖИТС және АИТ-қа қарсы жастар арасындағы профилактикалық шаралар» тақырыбына арналған көрініс түріндегі ашық сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік пен шығармашылық әлеуеттерін көрсете білді.
Іс-шара мақсаты: ЖИТС және АИТ мәселесін жетік білу және оған қарыс амалдарды меңгеру.
Іс-шара соңында студенттерге мақтау қағаздарды және бағал сыйлықтар табысталды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL