Академиялық ұтқырлық бағдарлама бойынша Мендель Университетінде білім алу туралы Есеп
Мен, Уразшаев Алиби, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Әлемдік экономика» мамандығының 3 курс студенті, Чехияның Брно қаласындағы Мендель Университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 15 қазанынан 2020 жылдың 6 ақпанға дейін білім алдым. Шетелдік университетте мен «Бизнес экономикасы», «Салықтардың жүйесі», «Әлемдік маркетинг», «Әлемдік бизнес мәдениет және тілдесу», «Еуропалық интеграциясың қағидалары», «Экономикалық география және Еуропалық Одаққа мүшеліктің әлеуметтік аспектілері», «Бизнестің құқықтық негізі» пәндері бойынша білімімді жетілдірдім.
Мендель Университеті – Чехия мемлекеттінің ауыл және орман шаруашылығы саласындағы ең ескі университеттердің бірі. Мендель Университеті генетика саласындағы атақты ғалым Грегор Мендель атымен аталған. Университет 1919 жылы Президент Т.Г. Масариктің тікелей қатысуымен құрылды және алғашқы рет «Брнодағы Жоғары ауылшаруашылық мектебі» деп аталды. Бұл Чехияның білім, жастар және спорт министрлігі қаржыландыратын мемлекеттік жоғары оқу орны деп саналады. Оқу орны бес факультеттен тұрады.
Чех студенттерімен қатар Германия, Польша, Австрия, Франция, Финляндия және т.б. елдердер келген студенттермен бірге білім алдым. Оқу ағылшын тіліңде өтті, осыған орай профессорлар мен студенттердің ағылшын тілдері жоғары деңгейде болды. Біз басқа студенттермен бірге топтарда жұмыс жасадық, бұл бізге тапсырмаларды бірге орындаудан басқа, бір-біріміздің әр түрлі көзқарастарымызды, өз елдеріміздің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін бөлісуге көмектесті. Қорытынды бағалар студенттердің жеке және біріккен жобалары және қорытынды емтихан негізінде қойылды. Демалыс күндері, Чехияның және шектесетін мемлекеттердің қалаларын аралауға мүмкіндік болды.
Әрине, оқу кезінде алған білімім күнделікті өмірде де, болашақ мансапта да пайдалы болады. Мен үшін Мендель Университетінде семестрді оқыған кезім - әртүрлі университеттік дәстүрдегі баға жетпес тәжірибе алудың, түрлі елдердің адамдарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгерудің уақыты.
Мен біздің университетімізге және ректорымыз Аймағамбетов Ерқара Балқараұлына Еуропаның ең үздік университеттерінің бірінде білім алуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді, сондай-ақ университетіміздің халықаралық қатынастар бөлімшесіне бізге керекті құжаттарды дайындауға және туындаған мәселелерді өз уақытында шешуге берген көмектеріне ризамын.