Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне Любляна қаласы (Словения) университетінің профессорлары іс-сапармен келді
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне Любляна қаласы (Словения) университетінің профессорлары іс-сапармен келді
2019 жылдың 24 және 26 сәуір аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне Любляна қаласы (Словения) университетінің заң факультетінің қызметкерлері, белгілі ғалымдар, заң ғылымдарының докторлары профессор Дамьен Коросек және профессор Янеш Кранич сапармен келді. Сапардың мақсаты - білім және ғылым саласындағы жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастық, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізу, магистранттар диссертациялары бойынша дәрістер оқып, кеңесер беру және т.б.
Любляна университеті - 64 мыңнан астам студент және 5600 оқытушы, зерттеуші және басқа да қызметкерлерден тұратын елдегі ең ескі университет. Еуропадағы ең ірі университеттердің бірі: 22 факультет, 3 өнер академиясы және колледжден тұрады. 400-ден астам еуропалық және 100-ден астам халықаралық жобаларға, 150-ге жуық ғылыми бағдарламаларға және 210-нан астам іргелі жобаларға қатысады.
ARWU (Шанхай), Times және Webometrics рейтингтеріне сәйкес, Любляна университеті әлемдегі ең үздік 500 университеттің қатарына кіреді және білім беру саласындағы әртүрлі еуропалық бірлестіктердің мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, «Утрехт желісі» Еуропадағы университеттер қауымдастығына кіреді. 2003 жылдан бастап Любляна Университеті ЕУА (Еуропалық университеттер Одағы) толыққанды мүшесі болып табылады, жоғары білім беру жүйесімен және зерттеу саясатымен байланысты мәселелерді талқылайды.
Профессор профессор Дамьен Коросек және профессор Янеш Кранич университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Аймағамбетовпен кездесті. Кездесу барысында университеттер арасындағы ынтымақтастықтың келешегі, Любляна университетімен Қарағанды экономикалық университетінің студенттерін алмастырып оқыту мүмкіндігі, академиялық ұтқырлық аясында студенттер мен оқытушылармен алмасу мүмкіндігі талқыланды. Қонақтар сондай-ақ, академиялық мәселелер және жаңа технологиялар жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты Р.О. Бұғыбаевамен кездесті. Қонақтар университеттер арасындағы қарым-қатынастар дамып, табысты, әрі жемісті болатынына үміт білдірді.