«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы студенттері Республикалық пәндік олимпиадада І орын алды
20-21 сәуірде «Әлеуметтік жұмыс» Білім беру бағдарламасы бойынша жыл сайынғы XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиада Алматы қаласы Нархоз университетінің базасында өткізілді. Республикалық олимпиаданың мақсаты студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, олардың өзін-өзі тануын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау, студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу, неғұрлым талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасты қалыптастыру болып табылады.
«Әлеуметтік жұмыс» Білім беру бағдарламасы бойынша республикалық олимпиада 3 кезеңде өтті.
1 кезең. «Мен, менің ЖОО, менің факультетім, Менің мамандығым» тақырыбында бейнероликтер байқауы
2 кезең. "Өзекті әлеуметтік проблема" тақырыбындағы жобалар конкурсы
3 кезең. Кейстерді шешу конкурсы: "Шығу жолы бар!»
Олимпиадаға Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен менмен деген 8 жоғары оқу орынадрының топтары қатысты. Олар: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл- Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов ат. Қарағанды университеті, Қорқыт ата ат. Қызылолрда университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Есіл университеті, Нархоз университеті және Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің командасының құрамына «Әлеуметтік жұмыс» ББ студенттері: СР-21-1к тобы - Бабашова Назира, СР-22-1к тобы - Сейбуллаева Аяжан, Алимжанова Жансая кірді. «We Together» студенттер командасы ППиСР кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент М. К. Абдакимованың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметті жүргізу бойынша қалыптасқан білімдерін, дағдылары мен құзыреттерін лайықты жоғары дәрежеде көрсетті.
Студенттер «ДАМУ» ҰКП базаларын белсенді тарта отырып, бейнеролик дайындады.
Команда Жастар ресурстық орталығы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтарының базасында іске асырылатын «NEET»САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМҒА ТАРТУ жобасын ұсынды. «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында біздің команданың жобасы бірінші орынға ие болды.
Олимпиаданың үшінші кезеңі барысында біздің студенттер кейстің ең оңтайлы, тиімді және ерекше шешімдерін ұсынды.
Байқаудың барлық 3 кезеңі бойынша біздің «We Together» командасы ең жоғары балл жинады, жетекші орынға ие болды және 1 орынды лайықты иеленді.
Студенттер өздерінің креативтіліктерін және болашақ кәсіби қызметке дайын екендіктерін көрсете білді. Біз студенттерімізге алда үлкен жеңістер тілейміз!