"Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы"пәні бойынша аймақтық пәндік олимпиада
2023 жылдың 10 наурызында университет қабырғасында "Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы"пәні бойынша Қарағанды қаласы ЖОО заң мамандықтарының студенттері арасында аймақтық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты-кәсіби құзыреттілікті дамыту, құқықтық мәдениет деңгейін және заң мамандықтары студенттерінің сауаттылығын арттыру.
Олимпиадаға келесі жоғары оқу орындары қатысты: Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Академик Е. А. Бөкетова атындағы Қарағанды университеті, "Bolashaq "академиясы" ЖМ, Орталық Қазақстан Академиясы.
Қазылар алқасының құрамына MG Partners Karaganda ЖШС заңгер көмекшісі Еркін Ернар Еркінұлы, "Дельта М Қазақстан" КА (коллекторлық агенттік) ЖШС персоналды оқыту және дамыту бөлімінің басшысы Аманбаева Арай қатысты.
Олимпиаданың мемлекеттік тілдегі жеңімпаздары:
1 орын - Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, "Genius" командасы.
2 орын - Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, "CLARUS"командасы
3 орын - ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, "Ішкі істер құрамы" командасы.
Олимпиаданың орыс тіліндегі жеңімпаздары:
1 орын - ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, "КВШ"командасы,
2 орын - Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, "Цивилистер"командасы.
3 орын - Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, "Verum" командасы.
Ұйымдастыру комитеті Олимпиада жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтайды, оларға шығармашылық табыс пен жеңістер тілейді!