Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті «Әлеуметтік жұмыс мектептері Қауымдастығы» ЗТБ кіру жолында.
2022 жылғы 21 қыркүйекте халықаралық сарапшы, Германияның экономика және даму Министрлігі (BMZ) қаржыландыратын өңірлік жобалардың үйлестірушісі, Тәжікстан әлеуметтік жұмыс мектептері Қауымдастығының директоры, Э. ғ. д., профессор Ашуров С.Б. және Қазақстандағы «Әлеуметтік жұмыс мектептері Қауымдастығы» ЗТБ тең құрылтайшысы Жанаева Г.С. іс сапармен университетімізге келді.
Әлемдік білім кеңістігіне кірігу, жоғары мектептің сыртқы стейкхолдерлермен ынтымақтастығы – бүгінгі күннің талабы. Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті әлеуметтік жұмыс мектептерінің халықаралық қауымдастығының (IASSW) бір бөлігі болу мақсатын қояды. Алғашқы қадам жасалды – құрылтайшысы «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық Альянсы» РҚБ директоры Д.Г. Есімова және директоры Г.С. Жанаева тұлғасында «Қазақстандық Швейцария-Американдық колледж» ЖШС болып табылатын Қазақстандағы «Әлеуметтік жұмыс мектептерінің қауымдастығы» ЗТБ-ға кіру туралы шешім қабылданды.
Сапар барысында университет ректоры, э.ғ.д., профессор Аймағамбетов Е.Б., академиялық мәселелер және стратегиялық даму жөніндегі проректор, э.ғ.к., доцент Абеуова С.Т. және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесулер өтті. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс мектептері қауымдастығына кіру мәселелері талқыланды.
Э.ғ.д., профессор Ашуров С.Б. «Әлеуметтік жұмыс» және «Психология және білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Мүгедектігі бар адамдардың мәселесін шешу контексінде инклюзивті қоғамды қалыптастыру» тақырыбында платина дәрісін оқыды.
Қонақтар үшін университет бойынша ұйымдастырылған экскурсия, ЖОО-ның алдыңғы қатарлы материалдық-техникалық базасының презентациясы жақын келешектегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылауға мүмкіндік берді.