Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жаңа Жолдауы туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларының топтамасында биылғы 1 қыркүйек білім күнімен сәйкес келген қазіргі Жолдауының мәні бөлек. Ол мемлекеттің тағдырына, оның одан әрі саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекетті түбегейлі өзгертуге деген табандылық пен ұмтылыс туралы терең алаңдаушылықпен сусындаған өте маңызы жоғары құжат болмақ. Білім күніне сай келгендіктен білімды дамыту жолындағы басты бағыттары ой толғап кеткім келеді.

Әлемдік бәсекеге қабілетті болу үшін білім сапасының жағдайы ел үшін аса қажетті шарттың бірі. Бұл салада Президентіміз Қ.Тоқаев «Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс. Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек деді. Бұл деген жастардың қажетті біліммен сусындауына толық көңіл бөлуге және олардың білімін ел қажетіне жарата алуына мол мүмкіндік тудырады деген сенім. Сондай-ақ, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап бара жатқанын, негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы бар екенін ескертті. Білікті педагогтарды дайындауды әліде болса арттыру керек екенін мәлім етті. Сондықтан, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын деді. Сонымен қатер дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындауға тапсырма берілді. Осы тұрғыда жоғары оқу орындарының қызметі туралы оның ішінде жоғары білімнің сапасына жеке тоқталып, бірқатар мәселелерді тізбектеді. Яғни, бірінші кезекте сапасыз және заң бұзатын жоғары оқу орындарына тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз. Білім саласына қатысты тағы бір мәселе – қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет деп нақты атап өтті. Осы салада ғылым саласын арттыру үшін маңыздылығын ерекше айтты. Ғылым саласындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Отандық ғылым жүйесі қаншалықты сапалы әрі тиімді? Бұл – басқа мәселе. Үкімет аталған мәселені ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру және оларды тәжірибеде қолдану тұрғысынан қарастырғаны жөн деп тапсырма берілді.

Биылғы Жолдауда айтылған тың жаңалықтар өте көп. Соның бірнешеуі ұлттық қордан балаларға үлес, әділетті салық салу жүйесі және тиімді қаржылық реттеу, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты салалар қамтылды. Әрине, барылығы маңызды. Бірақ, осының ішіндегі мен үшін маңыздысы азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігі. Бұл  мәселеде сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы ретінде атап өтті. Құқықтық сұрақтарда «азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жататыны, олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейтінін ескертіп, сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет екенін айтты. Бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы екенін, аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетінін қадап айтты. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі сыбайлас жемқорлық мәселесімен күрес туралы өз шешімін айтты. Әділетті мемлекетте заң үстемдігі болуы, азаматтырдың құқықтарының дұрыс қорғалуы осы тұрғыда маңызды екені білініп тұрды. Президенттің Жолдаудағы тапсырмалары тиімді орындалып, әділетті мемлекет құру жолындағы ісіміз алға баса берсін.

Қазтұтынодағы Қарағанды университетінің экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі Амантай Абдолла Амантаевич.

 

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL