Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының халықаралық ұтқырлығы
Erasmus+ халықаралық академиялық ұтқырлықтың серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетімен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті Арыстан Малика 2022 жылдың 6-10 маусым аралығында Испания, Сантьяго-де-Компостела университетінде «Экономика және бизнес» факультетінің докторанттарына арналған «Formation and Development of the Eurasian Economic Union» курсын өткізді. Және де, Арыстна Малика ЕАЭО-ға мүше елдердің өзара саудасының динамикасы мен даму үрдістері мәселелеріне, одақ шеңберіндегі экономикалық өзара іс-қимылдың проблемалары мен перспективаларын зерделеуге арналған «Problems and prospects of the Eurasian Economic Union" семинарына қатысты».
Өткен оқу жылында Испанияның жоғары оқу орындарында біздің университеттің «Экономика және кәсіпкерлік» және «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедраларынан Erasmus+ желісі бойынша 2 оқытушысы қатысты. Erasmus+ халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне PhD докторы Адриан Диос Виченте «Компаниялардың сақталуы: интернационалдандыру мен инновациялар экономикалық дамуға қалай ықпал ете алады?» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, басқа білім беру және ғылыми жобалар аясында осы оқу жылында Сантьяго-де-Компостела университетіне 12-ден астам оқытушы барды.
Мұндай өзара әрекеттесудің нәтижесі тек оқылған курстар мен оқытылған пәндер ғана емес, сонымен қатар 2022 жылы алғашқы іріктеуді жүзеге асыру жоспарланған «Технологиялық кәсіпкерлік» екі дипломды магистрлік бағдарламасының ашылуы болды.
Барлығымызға жаңа оқу жылында халықаралық ынтымақтастық саласында алдағы уақытта да табыс тілейміз!