Мәскеулік профессордың қонақ дәрістері
2022 жылдың 18-23 сәуір аралығында университеттің студенттері, магистранттары және оқытушылары үшін «Ресейдегі және шет елдердегі конституциялық бақылау» атты лекциялар курсын з.ғ.к., М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу (Мәскеу, Ресей) мемлекеттік университетінің заң факультеті, «Конституциялық және муниципалдық құқық» кафедрасының доценті МАЛЮТИН НИКИТА СЕРГЕЕВИЧ оқиды. Никита Сергеевич М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін үздік бітірді. Бірнеше рет Париж Лодрон университетінде (Зальцбург, Австрия) қысқа мерзімді тағылымдамадан өтті. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде (Қарағанды, Қазақстан Республикасы, 2019 ж.) және Астана халықаралық университетінде (Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы, 2019 ж.) шақырылған профессор қызметін атқарды.