Дайын бизнес жобалар мен стартап жобалар және студенттердің рәсімделген бизнес-идеялар конкурсы
2022 жылдың 11-12 сәуірінде "Коворкинг центр Достық" технологиялық бизнес инкубаторы "Инновациялық жобалар: болашаққа көзқарас"дайын бизнес жобалар мен старт-ап жобалар және студенттердің рәсімделген бизнес-идеялары байқауының 1 кезеңін (алдын ала қорғау) ұйымдастырды.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына келесілер кірді:
- Ханов Талгат Ахматзиевич – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры
- Сатымбекова Саида Базарбайқызы - Ақпараттық жүйелер магистрі, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің "Цифрлық инженерия және IT Аналитика" кафедрасының оқытушысы
- Қалиева Гаухар Кенесханқызы - экономика магистрі, Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті
- Елеубекова Назгүл Елеубекқызы - құқық магистрі, Бизнес, құқық және технологиялар факультеті.
Алдын ала қорғауға 40 жобаның 30-ы жіберілді.
Стартаперлердің сөздерінен кейін пікірталас өтті, нақты ұсыныстар берілді. Алдын ала қорғау қорытындысы бойынша финалда қорғауға 15 жобаны ұсыну туралы шешім қабылданды.