«Қазақстанның мемлекеті мен құқығының жетістіктері: халықаралық және ұлттық аспектілер»

«Қазақстанның мемлекеті мен құқығының жетістіктері: халықаралық және ұлттық аспектілер»

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде 10 ақпан 2022 жылы Қазақстанның БҰҰ-на кіруінің 30 жыл толуына арналған «Қазақстанның мемлекеті мен құқығының жетістіктері: халықаралық және ұлттық аспектілер», тақырыбында  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның ұйымдастырушылары қатарында оқу ғылыми-өндірістік кешенінің серіктестері болды – Қарағанды облысының  экономикалық мамандандырылған ауданарлық соты, Қарағанды облысы Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және «Қазақстан Республикасының судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалы.

Конференцияны ұйымдастыруға, біздің университет мүшесі болып табылатын Ресейдің заң университеттері қауымдастығы үлкен көмек көрсетті.

Конференция шеңберінде Қазақстанның мемлекеттілік пен құқықтың жетістіктері, сондай-ақ жаһандық және өңірлік ауқымдағы орын алған мәселелер, олардың ашық, транспарентті және "халық үніне құлақ асатын" мемлекеттің одан әрі құрылуына ықпалы талқыланды.

            Коференцияға  қатысушыларға сәлемдесу сөзімен Заң университеттері қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Бабурин С.Н. сөйледі. Ол өз сөзінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетімен екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Пленарлық отырыс спикерлерінің бірі болып – РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері заң ғылымдарының докторы, М. В. Ломоносов  атындағы ММУ заң факультетінің профессоры Авакьян С.А. сөз сөйледі.

Конференцияға шетелдік жоғары оқу орындарының 40-тан астам өкілдері, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы, жұмыс беруші серіктестер қатысты: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілдері; Қарағанды облысының экономикалық мамандандырылған ауданарлық соты,Қарағанды облысы Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, «Қазақстан Республикасының судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалы; Қарағанды облысының прокуратурасы; Қарағанды облысының полиция департаменті;  "Тәуелсіз сот сараптамасы және мамандандырылған зерттеулер Альянсы" ҚБ; Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары Институты, "Сот Сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы; "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі " Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігі " қазақстандық кәсіпкерлер және сервистік қызметтер қауымдастығы.

Пленарлық отырыстың басқа спикерлерінің баяндамаларында зерттелетін мәселелердің жан-жақты тақырыбы мен тереңдігі конференцияға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

«Қазақстанның мемлекеті мен құқығының жетістіктері: халықаралық және ұлттық аспектілер»«Қазақстанның мемлекеті мен құқығының жетістіктері: халықаралық және ұлттық аспектілер»«Қазақстанның мемлекеті мен құқығының жетістіктері: халықаралық және ұлттық аспектілер»«Қазақстанның мемлекеті мен құқығының жетістіктері: халықаралық және ұлттық аспектілер»«Қазақстанның мемлекеті мен құқығының жетістіктері: халықаралық және ұлттық аспектілер»

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL