Испандық профессордың қонақ дәрістері
Испанияның Сантьяго-де-Компостела университетінің профессоры - PhD докторы Адриан Диос Виченте Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне сапармен келді.
2021 жылдың 15 маусымы мен 5 шілдесі аралығында Эразмус+ халықаралық несиелік ұтқырлық бағдарламасы аясында Адриан Диос Виченте «Корпоративтік қауіпсіздік: интернационалдандыру мен инновация экономикалық дамуға қаншалықты ықпал ете алады» атты дәріс курсын оқып жатыр. 65-тен астам магистранттар мен университет оқытушылары жаңа пәннің мазмұнын оқып қана қоймай, сонымен қатар материалды ұсынудың еуропалық тәжірибесін қабылдайтын тағылымдамадан өтеді.
Бұл курсты аяқтау біліктілікті арттырумен қатар университет оқытушыларымыздың тілдік құзыреттілігін жақсартады және білім беру үдерісіне студенттермен жұмыс жасаудың жаңа әдістерін енгізуді қамтамасыз етеді.