Экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ қызметкерлері "Болашақты ойлап табу" атты Нобель фестиваліне қатысты

Экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ қызметкерлері "Болашақты ойлап табу" атты Нобель фестиваліне қатысты

"Инклюзивтік даму қоры" "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен 2021 жылғы 7-9 сәуір аралығында онлайн конференция форматында "Болашақты ойлап табу" (Central Asia Nobel Fest) Екінші Нобель фестивалін ұйымдастырды және өткізді.
Осы фестиваль аясында келесі негізгі үш бағыт бойынша технологиялар мен инновацияларды дамытуға арналған, көрнекті ғалымдар мен Нобель сыйлығы лауреаттарының қатысуымен Орталық Азия үшін ғылыми-білім беру пікірталас платформасын қалыптастыру жүзеге асырылды:
1) Болашақ Индустриясы,
2) Мүмкіндіктер Экономикасы,
3) Білім Беру Трендтері.
Екінші Нобель фестиваліне UNESCO, OECD, UNICEF халықаралық ұйымдарының көшбасшылары, Google, Twitter, Ford Motor, Bloom Energy ірі компанияларының өкілдері, сондай-ақ көрнекті әлемдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Екінші Нобель фестивалінің бағдарламасына сәйкес, оған Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ қызметкерлері: зертхана жетекшісі, э.ғ.д., профессор Сихимбаев М.Р. э.ғ.д., профессор Сихимбаева Д.Р. зертхана жетекшісі, т.ғ.к. Баширов А.В., ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.У. Сейтхожин, з.ғ.к., доцент А.Х. Феткулов және ЭҚЗ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері Т. Н. Пупышева қатысып, үш күндік көрсетілімдердің толық курсын тыңдап, қатысушылар сертификаттарын алды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL