«Тамақтану индустриясының трендтері мен даму тенденциялары» онлайн-вебинары
2020 жылдың 3 желтоқсанында сағат 16-00-де Алматы қаласындағы Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының (КАГиР) өкілі Махамбетова Сәуле Азимханова "Туризм және мейрамхана ісі" кафедрасының оқытушыларымен "Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" мамандықтарына арналған онлайн-вебинар, яғни "Teika boom" отбасылық мейрамханасының шеф-аспазы, "Тағамдар сиқыры" телеарнасының тележүргізушісі Евдокимов Артеммен кездесу ұйымдастырылды.
Артем мейрамханалардың даму тарихы туралы айтып, барлар мен мейрамханалардың даму перспективаларындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсіндірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы мейрамханаларды жылжыту жоспарларымен бөлісіп, еліміздегі брендтің даму ерекшелігін түсіндірді.
Кездесу өте пайдалы және қызықты өтті. Студенттер қызметкерлер, жабдықтар, асхана ыдыстары мен ас үй құрал-саймандары, тағам дайындау туралы өзекті ақпаратты тыңдап қана қоймай, сонымен қатар тамақ индустриясының дамуындағы қазіргі тенденциялар туралы білді. Қызу пікірталас түрінде өтті, оның барысында студенттер аспазшыдан барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды.