Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік тәртіп ережелері

Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік тәртіп ережелері

Қысқы уақытта төтенше жағдайлардың туындау қауіпі аса жоғары. Климаты аса қатал біздің Қарағанды облысы үшін ондай қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Аяздары көп болатын бүкіл қыс әлі алдымызда. Сондықтан, жаңа басталған қыс айлары әкелуі мүмкін жаңа сынақтарға үнемі дайын болуымыз керек.
Кез келген жағдайда қауіпсіздік тәртіп ережелерін елемеу және тұрақты берілетін ескертулерге назар аудармау - өзіңізді көрінеу қиындықтарға, қауіпке итеру деген сөз. Ал біздің азаматтарымыздың бейқамсыз болуының зардаптары туралы түрақты ескертулер жасалады. Қиындыққа тап болған бір адамның жағдайы, басқалар үшін үнемі сабақ бола бермейді.
Қысқы кезеңде жолға шыққанда, естен шығармау, сақтау керек болатын бірнеше жалпы ережелер бар:
-метеорологиялық мәліметтерді тыңдай отырып немесе өзіңізді қоршаған табиғатты, айналаны бақылау арқылы ауа райының өзгеруін қадағалауға тырысыңыз;
-артық киімді елемеңіз;
-жаңадан жол салмаңыз, қияларды қиып өтпеңіз;
-күн ашық емес кезде, қараңғыда таныс емес жерлермен жүрмеңіз,
-жаңғыз жүрмеуге тырысыңыз;
-суық ауа райында, әсіресе қатты жел кезінде, жалпы немесе денеңіздің жекелеген жерлерін үсік шалдырып алмауға тырысыңыз, өзіңіздің жағдайыңызды үнемі бақылауда ұстаңыз;
Тоңып қалған жерлеріңізді барлық қолжетімді жолдармен жылытыңыз.
Ауа райының нашарлайтынына, жолдың адастыруы мүмкін екеніне дайын болыңыз.
Киім қозғалысқа қиындық, кедергі келтірмеуі тиіс.
Аяқ киім кез келген жағдайда бос, кең болуы қажет.

Азаматтық қорғаныс штабы

 

 Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік тәртіп ережелері

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL