«Зейнетақы, жәрдемақыларды төлеу, көлемі, рәсімдеу»
Әлеуметтік қорғау - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған.
Осы тақырып аясында платиндік дәрісті толығырақ арнайы шақырылған маман: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы Қарағанды қаласының №1 әлеуметтік төлемді қамтамассыз ету бөлімінің аға маманы А.М.Сагинбекова университетіміздің «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарының 1, 2, 3 курс студенттеріне қолданылатын заңдар аясында түсіндіріп берді. Оқытушылар мен студенттер тарапынан көкейтесті сұрақтар қойылып нақты жауаптар алынды.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте: 1) мемлекеттік жәрдемақылар; 2) міндетті әлеуметтік сақтандыру; 3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру; 4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.