Ашық кураторлық сағат «Пандемия Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?»
11.11.2020 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы ашық кураторлық сағат жоспарына және тәрбие жұмысы бойынша дағдарысқа қарсы жоспарға сәйкес «Пандемия Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: «Бүгінгі Қазақстан экономикасының жағдайы қандай және пандемия нәтижесінде қандай мәселелер мен қиындықтар туындады?» сауалын ашу.
Бұл мәселелерді ашу үшін УА-42 тобының студенттері баяндамалар мен презентациялар дайындап, ұсынды, онда ақпарат тек Қазақстан Республикасының шеңберінде ғана емес, сондай-ақ Ұлыбритания, Қытай, Түркия, Германия және Ресей сияқты басқа елдермен салыстыра отырып қаралды.
Іс-шараның модераторлары: «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты е.а.м., аға оқытушы Мусипова Л. К. және УА-42 тобының кураторы, э.ғ.м. аға оқытушы Нуржанова И. С.