«Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша үлгілі сабақ өткізілді.
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы Ныйканбаева Айгуль Исақызы 10.11.2020жылы Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп және аудит пәнінен «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандығында оқитын РД-18-1к тобында онлайн формата ашық дәріс сабағын өткізді, сабақтың тақырыбы «Міндеттемелер есебі» оның ішінде:
1.Жұмыс уақытының есебі және еңбекақыны есептеудің құжатпен рәсімделуі
2.Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен шегерімдер есебі
Сабаққа «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті тарапынан академиялық сапа кеңесінің комиссия мүшесі Каримова Бақытгуль Нурланқызы қатысты.
Сабақтың негізгі мақсаты:
Қызметкерлердің нақты атқарған жұмыс уақытына еңбекақының есептелуі және құжатпен рәсімделуі, еңбекақыдан ұсталынатын міндетті, ерікті ұсталымдарды нақты ажырата білу және салықтық шегерімдер, кірісті түзету бойынша 90% қандай жағдайда қолданатын қарастырылды.
Сабақ барысында Quiz- test (True, false) зумда белсенді қолданылатын әдісі арқылы студенттер білімі тексеріп және «Альфа» ЖШС материалында еңбекжалақының есептелуін және еңбекжалақыдан міндетті ұсталымдардың ұсталуы, шегерім, түзету бойынша 90% қолдана отырып, есептелуі екі жағдайды ала отырып толығымен қарастырылды.
Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.