«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында дәріс

«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында дәріс

07.10.2020 ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің бірінші курс студенттері үшін «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында талқылау ұйымдастырылды. "Sanaly urpaq" студенттер қауымдастығының жұмыс жоспары аясында "Sanaly urpaq" студенттер қауымдастығының жетекшісі Орынбеков А.С. және қауымдастық төрағасы Рахтаева И. Е. дәріс оқыды.
Іс-шара мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі формалары, оның әлеуметтік құбылыс ретіндегі көрінісі туралы жалпы түсінік беру; оның өмірдің әртүрлі салаларындағы ерекшеліктері, осы құбылыстың себептері, зиянды салдары туралы түсінік беру; осы әлеуметтік құбылысты барабар талдау және жеке бағалау дағдыларын қалыптастыру; студент жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру болып табылды.
Сөз сөйлеу барысында лектор қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазалау шаралары, сондай-ақ осы қылмыспен күресудің әдістері туралы айтып берді. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарына ерекше назар аударылды. Негізгі себептер ретінде экономикалық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени сипаттағы себептер анықталды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің экономикалық, саяси және әлеуметтік-рухани салаларында туындайтын жағымсыз салдарлары атап өтілді.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл шын мәнінде біздің ортақ борышымыз екені атап өтілді. Егер бүгін жастар жемқорлар қатарына кірмесе, онда бір ұрпақтан кейін сыбайлас жемқорлықтан ешқандай із қалмайтыны сөзсіз.

 

«Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында дәріс «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында дәріс «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» тақырыбында дәріс
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL