Әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі жайлы семинар
20.02.2019 жылы мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі жайлы кездесу өтті. Кездесуде КРМ бас маманы Карсакова Гульнара Нурсултановна ҚЭУ студенттеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгерістер жөнінде, мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі туралы баяндап берді. Карсакова Г. Н. студенттерге, біздің Республикамыздың патриоттары болып, шығармашылықты дамытып, отансүйгіш болуға тілек білдірді.