ХАБАРЛАМА

2020 жылдың 29 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде "Қазақстан және Ресей заңнамасы бойынша көліктің қауіпсіздігін қылмыстық-құқықтық қорғау" (Мәскеу, "ЮрЛитИнформ" баспасы, 2020) монографиясының тұсаукесері өтеді.
Презентацияны монография авторлары: з.ғ.д., проф. Бакишев К. А. (ҚҚЭУ, Қазақстан) және з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. (О. Е. Кутафин атындағы ММЗУ, Ресей) өткізеді.
Тұсаукесерден кейін "Сот төрелігіне қарсы қылмыстар: теория және құқық қолдану мәселелері" тақырыбында дәріс өтеді. Дәрісті з.ғ.д., проф. Чучаев А. И. өткізеді.
Тұсаукесер сағат 10.00-де № 104 аудиторияда басталады.
Қарағанды қ. оқу орындарының кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары шақырылады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL