Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу

Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу

2026 жылғы 12 наурызда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған іс-шара өтті.

Кездесуге құрметті қонақтар ретінде Қарағанды облысы прокуратурасының 6-басқармасының прокуроры К.С. Байдильдин, Қарағанды облысы мекемелерінде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратураның прокуроры Я.А. Горохова, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-ның бас маманы Е.А. Бейсекеев қатысты.

Кіріспе сөзді университеттің комплаенс-қызметінің басшысы С.В. Федотов сөйлеп, кездесудің тақырыбын – «Әр адам өз таңдауын өзі жасайды» деп атап өтті. Ол өз сөзінде университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы айтып, студенттерді заң талаптарын сақтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға шақырды.

Іс-шара барысында К.С. Байдильдин «Заң және тәртіп» идеологиясының құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және жауапты азаматтық мінез-құлықты дамытуға бағытталған маңызды стратегиялық қағидат екенін атап өтті. Кездесу аясында Қарағанды облысының мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен телемост форматы ұйымдастырылды.

Телемост барысында студенттер түрлі құқық бұзушылықтар, оның ішінде алаяқтық, дропперлік және есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан сотталғандарға сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы айтып, студенттерді заңды сақтауға және саналы өмірлік таңдау жасауға шақырды.

 

Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL