«Қаржы орталығы» АҚ мемлекеттік грант бойынша білім алушылар үшін ақпараттық кездесу өткізді

«Қаржы орталығы» АҚ мемлекеттік грант бойынша білім алушылар үшін ақпараттық кездесу өткізді

11 желтоқсан күні университетте мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін «Маманның міндетті өтеуі» тақырыбында «Қаржылық орталық» АҚ өкілі Сериккали Ақзира Серикқалиқызымен кездесу өтті.

Кездесу барысында спикер № 403 бұйрығына енгізілген маңызды өзгерістерді түсіндірді, атап айтқанда:

  1. Магистратураға және/немесе докторантураға түсуіне байланысты өтеуден босату;
  2. Әскери қызметке шақыру жағдайында өтеуді кейінге қалдыру немесе босату;
  3. Университеттен шығарылған жағдайда, сол немесе келесі оқу жылы ішінде қайта қалпына келу шартымен өтеу міндетін сақтап қалу.
  4. Жиында студенттер тарапынан көптеген өзекті сұрақтар қойылды. Атап айтқанда:

«Магистратураға грантқа түскен жағдайда өтеу міндеті толығымен жойыла ма?»

«Өтеуді кейінге қалдыру мерзімі қандай жағдайда беріледі?»

«Жеке себептермен оқу орнын ауыстырған кезде міндет қалай орындалады?»

«Өтелмеген міндет үшін жауапкершілік қандай?»

Кездесу барысында қатысушылар нақты түсініктемелер алып, өз құқықтары мен міндеттемелерін айқындады. Іс-шара болашақ түлектер үшін ерекше маңызды болды, себебі еңбек нарығына шығу алдында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу шарттарын дұрыс түсіну – олардың кәсіби жолындағы маңызды кезеңдердің бірі.

Университет «Қаржы орталығы» АҚ-на ашық қарым-қатынас форматы және мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру тетіктерін түсіндіруге дайындығы үшін алғыс білдіреді.

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL