Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиада

Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиада

29 қараша күні Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті базасында 11-сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиада өтті. Іс-шара «Сарыарқа дарыны» орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Олимпиадаға 100-ден астам оқушы қатысып, Қарағанды, Приозерск, Балқаш, Саран, Теміртау қалаларынан және Қарқаралы ауданынан келген жас тарихшылар бақ сынады. Байқау эссе жазу, онлайн тестілеу және зияткерлік кезеңдерден тұрды.

 

 

Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиада Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиада Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиада
Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиада Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиада Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық олимпиада

Олимпиада қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

I орын: Турғанбаева Балжан (Приозерск қ., КММ «№2 жалпы білім беретін мектеп»)

II орын: Сериков Арнұр (Қарқаралы қ., КММ «Академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп»)

III орын: Батырханов Арнұр (Теміртау қ., КММ ««Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейі»)

«Үздік эссе» номинациясы:

— Нұралы Сағыныш (Тегісшілдік ауылы, №6 ЖББМ)

— Сәттәр Айғаным (Теміртау қ., №10 ЖББМ)

— Истурлиев Арман Есболатұлы (Приозерск қ., №2 ЖББМ)

«Креатив» номинациясы:

— Вологодский Даниил (Қарағанды қ., №25 ЖББМ)

— Байғашқарова Аружан (Қарағанды қ., №25 ЖББМ)

— Фомин Роман (Теміртау қ., №14 мектеп-лицейі)

«Белсенді қатысушы» номинациясы:

— Әлімхан Темірлан (Қарағанды қ., №6 ЖББМ)

— Әбдіразақ Қасым (Қарағанды қ., №6 ЖББМ)

— Қоғабаева Ұлпан (№15 ЖББМ)

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL