Университет – мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектті талқылау орталығы

Университет – мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектті талқылау орталығы

«Қазақстан: цифрлық тізілімдерден интеллектуалды шешімдерге – мемлекеттік басқаруды трансформациялау стратегиясы» атты халықаралық қатысумен өткен өңірлік форум 2025 жылғы 26 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өтті.

Форум мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары, ІТ индустриясы, үкіметтік емес ұйымдар және ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктірген маңызды алаңға айналды.

Университет – мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектті талқылау орталығы Университет – мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектті талқылау орталығы Университет – мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектті талқылау орталығы Университет – мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектті талқылау орталығы
Университет – мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектті талқылау орталығы Университет – мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектті талқылау орталығы Университет – мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектті талқылау орталығы Университет – мемлекеттік сектордағы жасанды интеллектті талқылау орталығы

 Форум модераторы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Берікбайұлы Байбосынов.

  • Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы, Қарағанды университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор;
  • Кобжанов Нүркен Сайфиддинұлы, Қарағанды облыстық мәслихаттың төрағасы;
  • Кенжебеков Руслан Айтыкенұлы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
  • Ильницкий Константин Павлович, Қарағанды облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы;
  • Гудков Игорь Валентинович, РФ Президенті жанындағы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы доценті, п.ғ.к.;
  • Сәрсен Жандос Шералыұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы;
  • ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері мазмұнды баяндамалар жасады.

Форумда талқыланған негізгі мәселелер:

  • мемлекеттік басқаруды цифрландырудың стратегиялық бағыттары;
  • жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері;
  • ұлттық деректер экожүйесін қалыптастыру;
  • мемлекеттік қызметшілердің жаңа құзыреттері;
  • интеллектуалды шешімдерге негізделген басқару процестерін жаңғырту.

Қонақтар университеттің зертханаларын аралап, студенттер мен магистранттардың жобаларымен танысты: деректерді интеллектуалды талдау жүйелері; цифрлық басқару шешімдері; смарт-менеджментке арналған технологиялар.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті форумның барлық қатысушыларына алғыс білдіреді.Біз цифрлық Қазақстанның болашағын бірлесе құруға дайынбыз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL