«ҚР Президентінің Жолдауы: Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің ректоры цифрландырудағы университеттің рөлін айқындады»

«ҚР Президентінің Жолдауы: Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің ректоры цифрландырудағы университеттің рөлін айқындады»

8 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Құжатта ел дамуының негізгі бағыттары айқындалды, оның өзегінде – цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу, экономикалық өсу және әлеуметтік тұрақтылық тұр.
Президент алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық державаға айналдыру міндетін қойды. Осы мақсатта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады, платформалық экономика мен үлкен деректерді қамтитын Цифрлық кодекс қабылданады. Көлік саласында Smart Cargo жүйесі іске қосылады, ал өнеркәсіпте жоғары технологиялық жобалар жүзеге асырылады.
Жолдауда сондай-ақ қаржылық тұрақтылық пен инвестициялық ахуалды жақсарту, салық жүйесін жаңғырту, бизнестің тиімділігін арттыру және адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Жолдауда көрсетілген міндеттер бізге ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын негізгі бағыттар бойынша одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді. Біздің университет – елдің жетекші экономикалық жоғары оқу орны ретінде қазірдің өзінде экономика, қаржы және цифрлық трансформация саласында мамандар даярлап, жасанды интеллект пен цифрлық экономикаға қатысты ғылыми зерттеулерді дамытып келеді, сондай-ақ стратегиялық бастамаларды тәжірибеге енгізу үшін бизнес және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты нығайтып отыр.
Президент Жолдауында еліміздің стратегиялық бағыты – әділетті әрі цифрлық Қазақстанды қалыптастыру екені айқындалды. Біздің университет осы мақсаттарға қол жеткізуге қомақты үлес қосуға дайын.

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL