Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – Қазақстандағы гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде екінші орында!
Білім сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі – Рейтинг (IQAA-Ranking) 2025 жылғы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінің нәтижелерін жариялады. Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті еліміздегі гуманитарлық-экономикалық бағыттағы жоғары оқу орындары арасында 2-орынға ие болды.
Жалпы балл – 58,24, оның ішінде:
41,96 – академиялық қызмет және түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелері;
3,73 – сарапшылар бағасы;
4,48 – жұмыс берушілердің пікірі;
4,11 – студенттердің бағасы;
3,96 – түлектердің бағасы.
IQAA бұл рейтингті қатарынан 17 жыл ұйымдастырып келеді. 2025 жылы рейтингке Қазақстанның 30 жоғары оқу орны қатысты, олар 6 санат бойынша бағаланды: көпбейінді, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медициналық және өнер мен спорт бағытындағы жоғары оқу орындары.
Рейтингтің әдістемесі кешенді бағалауға негізделген:
- университеттердің академиялық көрсеткіштері;
- тәуелсіз ақпарат көздері (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің сапаны қамтамасыз ету комитеті, ЕПВО деректері, «Болашақ» орталығы, Ұлттық зияткерлік меншік институты, Scopus, Web of Science, РИНЦ базалары);
- жұмыс берушілер, академиялық қоғамдастық, студенттер мен түлектер арасында сауалнама жүргізу.
Сауалнамаға келесі қатысушылар қамтылды:
- 865 жұмыс беруші;
- 340 академиялық сарапшы;
- 12 871 студент;
- 2 802 түлек.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті жыл сайын Ұлттық рейтингте жоғары орындардан көрініп келеді. Бұл университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын, студенттерді даярлау деңгейінің жоғары екенін және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысын растайды.
Толық ақпарат пен әдістеме IQAA-Ranking ресми сайтында жарияланған.