Қарағандының жас географтары біздің университет базасында олимпиадаға қатысты
2025 жылдың 21 ақпанында біздің университет қабырғасында Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының мектептері, гимназиялары мен лицейлері мен колледждерінің 9-11 сынып оқушылары үшін география пәнінен облыстық олимпиада өтті. Олимпиадаға 170-тен астам оқушы қатысты.
Оқушылар арасында жыл сайынғы зияткерлік жарыстың мақсаты географияны ғылым ретінде насихаттау, оқушылардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесу болып табылады.
Іс-шараны жалпы әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етуді «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы жүзеге асырды.
Қазылар алқасы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдерінен құрылды.
Дайындықтың жоғары деңгейін көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға білімге ұмтылғаны үшін, ал мұғалімдерге – қолдау мен тәлімгерлік үшін алғыс айтамыз! Біз аймақ географиясының үздік жас мамандарын жинаған осындай маңызды оқиғаның алаңына айналу мүмкіндігін мақтан тұтамыз!
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |