Халықаралық оқытушыларға арналған тренингтер: шетелдік онлайн тағылымдама
Қарағанды экономикалық университеті оқытушыларды циркулярлық экономика бойынша халықаралық онлайн-курстарға қатысуға шақырады! Курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға шетелдік тағылымдамадан өткендігі туралы сертификат беріледі.
2025 жылдың 11-27 наурызы аралығында Орталық Азия елдерінің серіктес университеттерінің оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған тренингтер сериясы өтеді. Оқыту үш жетекші еуропалық университетте өтеді: Неапольде (Италия), Билефельдте (Германия) және Сантьяго-де-Компостелада (Испания). Әр университеттегі бағдарлама төрт күнге созылып, еуропалық және орталықазиялық оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасуға арналған.
Неліктен қатысу қажет?
- Циркулярлық экономика саласында халықаралық тәжірибе мен тереңдетілген білім алу;
- Еуропаның жетекші университеттерінің оқу материалдарына қолжетімділік;
- Онлайн тағылымдамадан өтіп, шетелдік сертификат алу мүмкіндігі;
- Тұрақты даму қағидаларын оқу бағдарламаларына интеграциялау және оқыту дағдыларын дамыту.
Тренингтерде не оқытылады?
Тренингтердің негізгі мақсаты – тұрақты даму курстары мен оқу бағдарламаларын енгізу үшін оқытушылардың әлеуетін дамыту. Бағдарлама келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
- Аймақтық және қалалық ерекшеліктер;
- Тұрақтылықты зерттеудің жүйелі тәсілі;
- Корпоративтік экологиялық және климаттық менеджмент;
- Циркулярлық экономиканың негіздері;
- Циркулярлық тұрақты кәсіпкерлік және бизнес-модельдер;
- Орталық Азия елдерінің тұрақтылық және бәсекеге қабілеттілік рейтингтері.
Қалай қатысуға болады?
Серіктес университеттердің оқытушылары білім алуды күндізгі (әр университеттен екі өкіл, жобалық топ мүшелері) және қосымша онлайн форматта өте алады. Оқытушылардың кеңінен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тікелей трансляциялар мен семинарлардың бейнежазбалары жоспарланған.
Бұл тренинг – оқытушылар, зерттеушілер және тұрақты даму мәселелеріне қызығушылық танытатын барлық мамандар үшін бірегей мүмкіндік.
Қосымша ақпарат алу үшін Қазтқтынуодағы Қарағанды университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасына хабарласыңыз (357-офис). Байланыс телефондары: +7 775 793 32 17, 44-16-24 (186), e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..