Экономика пәнінен облыстық олимпиада
2025 жылдың 22 ақпанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің базасында Қарағанды және Қарағанды облысындағы мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында экономика пәнінен аймақтық олимпиада өтті.
Зияткерлік сайыстың мақсаты – экономикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру, экономикалық білімді кеңінен насихаттау және студенттерге кәсіптік бағдар беру мен үздіксіз білім алуға көмектесу.
Іс-шараны жалпы әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз етуді Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің «Экономика және кәсіпкерлік» пен «Менеджмент және инновациялар» кафедралары жүзеге асырды. Қазылар алқасы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің өкілдерінен жасақталды.
Шараға Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының әртүрлі мектептері мен колледждерінен 44 оқушы қатысты. Ойын қорытындысы бойынша қатысушыларға 1,2,3 дәрежелі дипломдар, университетімізде оқу ақысына жеңілдіктер алуға құқық беретін сертификаттар, естелік сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздардың ұстаздарына, университет ректорының алғыс хаттары табыс етілді.
![]() |
![]() |
![]() |