Өңірдің IT-таланттары: Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде информатика бойынша олимпиаданың қорытындысы
2025 жылдың 10 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің қабырғасында 10-11 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен облыстық олимпиада өтті. Ұйымдастырушылар Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп «Цифрлық инженерия және IT-аналитика» кафедрасы болды.
Олимпиадаға облыстың 19 мектебі қатысып, қатысушылардың жалпы саны 84 оқушыны құрады.
![]() |
![]() |
![]() |
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Қазақ бөлімі
орын |
қатысушы |
оқу орын |
I |
Алдабергенұлы Нурислам |
«№1 БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ |
II |
Сулеймен Сейтхан |
«№1 БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ |
III |
Абибулин Ерасыл |
«№1 БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ |
Орыс бөлімі
орын |
қатысушы |
оқу орын |
I |
Байдаров Данияр |
КГУ ШЛ №1 Сарань қ. |
II |
Леликова Мария |
КГУ ШЛ №1 Сарань қ. |
III |
Копбаева Алина |
КГУ ШЛ №1 Сарань қ. |
Жүлдегерлер 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, мұғалімдер алғыс хаттармен, лауреаттар қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.
Біздің университет базасында осындай ауқымды іс-шараны өткізу IT-бағытты дамыту және дарынды жастарды қолдау үшін зор маңызға ие. Біз болашақ цифрлық мамандардың өсуі үшін платформа ұсына алатынымызды мақтан тұтамыз.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Ақпараттық технологиялар әлемінде одан әрі табыс тілейміз!