Жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау

Жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау

Топар кентінде, "Жеңіс" демалыс кешенінде 20-22 қыркүйек аралығында «Жастар өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау» атты үш күндік жобасы аясында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін көшпелі актив өтті.

Жобаның мақсаты: көшбасшы жастарды анықтау, олардың әлеуметтік өзара іс-қимыл дағдыларын игеру арқылы өзін-өзі жүзеге асыруға жеке дайындығын қалыптастыру.

Бұл жобаға біздің студенттер белсенді қатысты:

Джалимбаева Ақзон - ТПП-23-1к;

Мадет Мәулен - МО-23-1к;

Сағидолла Гүлжанат - ВТ-23-1к;

Аралбаев Азамат - С-22-1к;

Құдайберген Ерұлтан - ITA-23-1к.

Біздің студенттер пікірталастарға белсенді қатысып, университетте студенттік өмірді жақсарту бойынша өз идеяларымен және жоспарларымен бөлісті, әрі қарай өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеу үшін жаңа білім мен дағдыларды игерді. Іс-шара барысында жастардың тимбилдингтері өткізіліп, кешкі мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Тәрбиелік кездесулер салауатты өмір салтын сақтауға, маңызды мәселелерді шешуге және студенттік бастамаларды іске асыруға, студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған студенттердің қоғамдық қызметін нығайтуға және қолдауға ықпал ететін болады.

Бұл көшпелі актив студенттік көшбасшылықты дамытудағы және Жастар бастамаларын қолдаудағы маңызды қадам болды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL