«Болашақ кәсіптері: тұрақты экономика құзыреттері» мастер-классы
2024 жылдың 30 сәуірінде Эразмус + Жан Монне (2022-2025 жж., № 101082930 EPOS "European practice of sustainable development management towards green transformation" жобасы) халықаралық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Болашақтың кәсіптері: тұрақты экономика құзыреттері» тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шара қалалық агломерациялардың тұрақты дамуын басқарудағы еуропалық тәжірибе мен қазақстандық тәжірибені зерттеуге арналған.
Жетекші баяндамашы ретінде шақырылған сарапшы, практик және Қазақстанның қоғам қайраткері Ирина Владимировна Харитонова болды.
Мастер-класс мақсаттары:
- тұрақты қала дамуының еуропалық тәжірибесін зерделеу;
- креативті индустрияларды дамыту стратегияларын және олардың қаланың тұрақты дамуына ықпалын талқылау;
- адам ресурстары мен қажетті құзыреттер сияқты негізгі факторларды ескере отырып, қалалық агломерациялардың даму траекториясын қалыптастыру.
Мастер-класс аясында қатысушылар тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру тетіктерін жақсы түсініп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануды үйренуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, көптілді білім беру орталығында мотивациялық хаттар жазу және ағылшын тілінде жұмсақ дағдыларды дамыту бойынша тренинг ұйымдастырылып, қатысушылар мамандардан ұсыныстар мен практикалық кеңестер алды.
Қатысушылар іс-шараға қанағаттанушылықтарын білдіріп, оның өзектілігі мен практикалық бағыттылығын атап өтті. Көбісі алған білімдері мен тәжірибелерін алдағы жобалар мен кәсіби қызметте пайдаланатынын атап өтті.