"Қазақстан халқының бірлігі күні: мереке тарихы"
1 мамыр – елімізде тұратын халықтардың бірлігі мен достығы күні. "Бірлік бар жерде өмір бар", - дейді халқымыз. Мерекеге Қазақстан халқын басқа халықтардың дәстүрлерімен таныстыру үшін түрлі мәдени орталықтардың қатысуы зор маңызға ие.
Біздің университет қабырғасында "Қазақстан халқының бірлігі күні: мереке тарихы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Малаев Думан Базаркеұлы, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Громов Валерий Леонидович, "Қарағанды облысы корейлерінің этномәдени бірлестігі" ҚБ Басқарма мүшесі Хегай Ася Александровна, "Polonia "Қарағанды облыстық поляк қоғамы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Хмелевский Виталий Альбертович, Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы Әлеуметтік-саяси пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Минжанов Нұрлан Әділбайұлы болды. Конференцияға қатысушылар отансүйгіштік сезімдері, қазақ халқының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұратын басқа да этностардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихы мен мұрасына құрметпен қарау туралы айтты.