Болашақ психологтар үшін «Тәуелділікке бейім клиенттермен жұмыс істеудің заманауи техникалары мен тәсілдері» оқыту семинар-тренингі
Психологтардың назарын талап ететін өзекті психологиялық мәселелердің бірі – тәуелділік болып келеді. Бұл тақырып 29 қантар 2024 ж. «Психология және білім берудегі менеджменті» ББ студенттері үшін «Тәуелділікке бейім клиенттермен жұмыс істеудегі заманауи техникалар мен тәсілдер» оқыту семинар-тренингінде оқу, талқылау және тәжірибелік дағдыларды игеру тақырыбы ретінде талқыланды. Оқыту семинар-тренингінің бағдарламасында: Аддиктологияға кіріспе. Психоактивті заттардың мидың нейрофизиологиялық процестеріне әсері. Стигма, кемсітушілік. «Мотивациялық сұхбат» (МС), техникасына кіріспе. «Өзгерістерге дайындық шкаласы», «Маңыздылық немесе сенімділік шкаласы», «Мотивациялық сұхбат» (МС) тәжірибеде.
Оқыту семинар-тренингін өткізді:
Юсупова Ирина Владимировна – халықаралық жаттықтырушы, отбасылық жүйелік психолог, аддиктолог, психодраматерапевт, ISSUP өңірлік жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген Денсаулық сақтау қызметкері.
Ғабдракипова Наталья Васильевна – психолог, ISSUP-тың қазіргі мүшесі.
Шаймерденова Дана Серікқызы – балалар психиатры, психотерапевт, медицина магистрі, ҚМУ КЕАҚ неврология, психиатрия және оңалту кафедрасының ассистенті.
Малаева Айсұлу Мұхтарқызы – халықаралық жаттықтырушы, психолог-аддиктолог, дефектолог, ISSUP-тың қазіргі мүшесі.
Оқыту семинар-тренингіне қатысу студенттерімізге тәжірибелік психологияның қазіргі заманғы психотехникасымен толығырақ және тереңірек танысуға мүмкіндік берді. Біздің психолог-әріптестерімізге ынтымақтастық, кәсібилік, одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру үшін алғыс айтамыз!