Грант түлектерімен кездесу
2023 жылғы 2, 3 және 15 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 2024 жылғы түлектермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде жас мамандарды (түлектерді) жұмысқа жіберу, оларды дербес бөлуді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Университетте жыл сайын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын жас мамандар мен PhD философия докторларын бөлу жөніндегі комиссия құрылады.
Стратегиялық даму департаментінің Мансап және кәсіби даму орталығының директоры Ж. Е. Сағитова түлектерге жас маман жұмыс орнына келгенге дейін алдағы жұмысқа орналасу және бос орынды сақтау туралы жұмыс берушінің өтініші негізінде жүзеге асырылатынын айтты. Бөлу сәтінде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда, жас мамандарды бөлу жөніндегі комиссиялар жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге еңбек ұтқырлығы орталығына тікелей тұрғылықты жері бойынша карьерлік орталықтарға жұмыс өткеру мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған уақытын есепке ала отырып жібереді. Ағымдағы жылы оқуын аяқтаған жас мамандар жұмыс орнына 1 қыркүйектен кешіктірмей жолдама бойынша келеді.
Сондай-ақ, студенттерге қандай жағдайларда жұмыстан босату, кейінге қалдыру мүмкін екендігі туралы түсініктемелер берілді.
Кездесу барысында түлектер барлық сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды.