Ақпараттық хабарлама

Сіздерді Қазақстан Республикасының 16-шы желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған, 2008 жылдың 10 желтоқсанында сағат 14.00 – де өтетін «Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму барысында құқықбұзушылық мәселесінің өзектілігі» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге шақырамыз.

Қарағанды Экономикалық Университеті Қазтұтынуодағы
Бизнес және құқық факультеті
Жалпы құқықтық және арнайы пәндер кафедрасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қымбатты студенттер мен оқушылар!

Ел президентінің халыққа берген соңғы жолдауында еліміз-өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтіп, әрі дамуының сапалық жаңа кезеңіне қадам баса отырып, тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдыстыққа барған сайын зор құрмет пен беделіне қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келетіндігін үлкен мақтанышпен айтамыз. Осы орайда біздің мамандығымыздың алатын орны ерекше екендігі бәрімізге мәлім.

Болашақта зерделі, білімді, бәсекеге қабілетті заңгер болғымыз келсе, келесі мәселелерді білуіміз қажет:

  1. Заңдарды біліп қана қою жеткіліксіз, оған қоса заңдарды шығарғандағы мақсат – қоғамда құқықтық тәртіп орнату, адамдардың өміріне, оқуына, жұмысына, демалысына, қауіпсіздігіне қалыпты жағдай туғызу екендігін шын мәнінде ұғыну керек.
  2. Заңдардың негізгі ережелерін оқып үйрену, білу, игеру әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып есептеледі.
  3. Жастардың үлкен өмірге дайындалу барысында бұл ақпараттың бәрін меңгеруден басқа мемлекеттік және қоғамдық өмірдің белсенді қатысушысы ретінде өзін қалыптастыру қажеттілігі.

Дөңгелек үстелге қатысу үшін 2008 жылдың 1 желтоқсанына дейін келесі материалдарды ұйымдастыру комитетіне тапсыру қажет:

  1. қатысуға өтініш (берілген үлгі бойынша);
  2. төменде көрсетілген талаптар бойынша баяндама тезистері.
  3. Баяндама тезистері келесі пәндер бойынша қабылданады: мемлекет және құқық теориясы, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР қылмыстық құқығы, ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы.

Дөңгелек үстелге қатысу материалдарын келесі мекен жайға жіберу керек:

Казахстан, 100009, Қарағанды қаласы, Академическая, 9, ҚЭУҚ

Жауапты: Искакова Индира Есетовна

(блок А, 2 этаж, каб.209)
Электрондық мекен-жай (e-mail):
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Телефон для справок: (7721-2) 441624(188)

«Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму барысында құқықбұзушылық мәселесінің өзектілігі» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысуға өтініш

Баяндамашының аты-жөні______________________________________________________

Мекен-жайы _______________________________________________________________

Телефон, факс, e-mail __________________________________________________________

Баяндама материалдарын көрсету үшін қажет техникалық құралдар__________________

Баяндама атауы________________________________________________________________

Қатысу нысаны (нақты, сырттай)_________________________________________________

Колы __________________ мерзімі __________________

Тезистерді безендіруге қойылатын талаптар

Тезис мәтіні А4 форматы негізінде 3 беттен кем болмауы тиіс. Тезис мәтіні Word for Windows 97-2000 текстік редакторында Times New Roman шрифтімен теріліп, кегль- 14, интервалы 1,0 және шеткі жолақтары 2,0мм болуы керек. Тезис мәтінінің аяғында орысша, ағылшынша резюме келтіру қажет.

Тезис мәтіні қағаз бетінде және электронды негізде беріледі (CD-R,CD-RW)немесе электрондық почта арқылы.

Безендіру үлгісі:

Бейсенбаева А. Қарағанды (ҚЭУК)

Құқыққолданудың түсінігі

.........................................................................тақырып тезисі............................................................................

............................................................................................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.
2.
3.

.....РЕЗЮМЕ

(Орысша )

ТҮЙІНДЕМЕ

(қазақша )

THE RESUME

(ағылшынша)

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL