Тілдерді үйретудің инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістері
2012 жылдың 12 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының қатысуымен қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік тілді оқытудың озық, жаңашыл әдістерін меңгеруге арналған «Тілдарын» тілдерді оқыту инновациялық технологияларының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тілдерді үйретудің инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістері» атты семинар өткізілді.
Семинар модераторы – Сара Сейітқызы Жұманова. Семинар барысында мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әрі жаңашыл әдістері туралы айтылып, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің ең тиімді жолдары талданды. Сұрақ-жауап негізінде жасалған модуль талданып, тақырыптары сараланды. Семинарға қатысқан оқытушылар: Қабатаева Клара Тұрсынханқызы – кафедра меңгерушісі ф.ғ.к.,профессор, Тойжігітова Мүслима Шәріпқызы – доцент, Исабекова Күләш Жаркенқызы – доцент, Жөкеев Төлеухан Базарханұлы – ф.ғ.к.,доцент, Ахметжанова Жанар Балтабекқызы – ф.ғ.к.,аға оқытушы, Билял Балкен Қалымқызы – аға оқытушы, Келмағамбетова Шолпан Сағынтайқызы – аға оқытушы, Баербекова Алия Ермұратқызы – оқытушы. Семинар соңында оқытушыларға сертификат берілді.